Бірнеше күннен бері Алматыда ауа температурасы күндіз Цельсий бойынша 10 градустан жоғары болып тұр. Қала тұрғындар мегаполисте жылыту маусымы қашан аяқталатынын сұрап жатыр. Tengri Life басылымы қала әкімдігінен пікір алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматыда уәкілетті органның қаулысымен жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы ұзақ уақыт бойы +8 градустан жоғары немесе одан жоғары болған кезде жылу беру маусымы аяқталады. Шешім қабылданғаннан кейін жылу беру тоқтатылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.
Әкімдік өкілдері нақты күні жылу беру тоқтатылатыны әзір белгісіз екенін айтты.
"Қазгидромет" РМК алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды.
27 наурызда көшпелі бұлт, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8, +10, күндіз +17, +19 градус.
28 наурызда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8, +10, күндіз +17, +19 градус.
29 наурызда бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр, екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8, +10, күндіз +13, +15 градус.
30 және 31 наурызда - бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр.
Ауа температурасы түнде +3, +5, күндіз +10, +12 градус.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!