Алматының барлық сегіз ауданында жылу беру мәселесіне жауапты мамандар белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, қалада 9 қазаннан бастап 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады.
Жылу кезең-кезеңімен беріледі. Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар, яғни білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары, одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар жылу жүйесіне қосылады.
Жылыту маусымы басталуына байланысты қаланың барлық сегіз ауданында жауапты мамандар бекітілген. Тұрғындар жылуға қосылу және жылу жүйесінде туындаған ақау бойынша осы мамандарға хабарласа алады.
Аудандар бойынша байланыс телефондары:
Сонымен қатар, қалада жедел әрекет ету штабы тәулік бойы жұмыс істейді. Жылу берілмеген, құбырлардан су аққан немесе басқа да ақау туындаған жағдайда тұрғындар мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:
Бұдан бөлек, тұрғындар өтінішін көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар, басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және e-Otinish платформасы арқылы да жолдай алады.
Мамандардың мәліметінше, жылыту маусымының алғашқы күндері жүйелерді іске қосу, баптау және реттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан осы кезеңде жылу беруде уақытша кідіріс болуы мүмкін.
Тұрғындарға құлаққағыс:
Еске салайық, бұған дейін күн күрт суытуына байланысты Алматыда жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталатыны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!