Алматының барлық сегіз ауданында жылу беру мәселесіне жауапты мамандар белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жылыту маусымы қашан басталады?
Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, қалада 9 қазаннан бастап 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады.
Жылу кезең-кезеңімен беріледі. Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар, яғни білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары, одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар жылу жүйесіне қосылады.
Жауапты мамандар бекітілді
Жылыту маусымы басталуына байланысты қаланың барлық сегіз ауданында жауапты мамандар бекітілген. Тұрғындар жылуға қосылу және жылу жүйесінде туындаған ақау бойынша осы мамандарға хабарласа алады.
Аудандар бойынша байланыс телефондары:
- Алатау ауданы - +7 701 822 57 89;
- Алмалы ауданы - +7 778 200 21 21;
- Әуезов ауданы - +7 705 555 90 92;
- Бостандық ауданы - +7 701 232 04 85;
- Жетісу ауданы - +7 700 815 10 90;
- Медеу ауданы - +7 777 387 37 99;
- Наурызбай ауданы - +7 707 199 90 09;
- Түрксіб ауданы - +7 707 322 50 04.
Ақау туындаса
Сонымен қатар, қалада жедел әрекет ету штабы тәулік бойы жұмыс істейді. Жылу берілмеген, құбырлардан су аққан немесе басқа да ақау туындаған жағдайда тұрғындар мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:
- Jedel Almaty - 109;
- Бірыңғай диспетчерлік орталық - 225-14-31;
- Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы - +7 747 132 23 52, +7 707 018 08 46;
- Open Almaty - 1308 және 8 (727) 338-33-88.
Бұдан бөлек, тұрғындар өтінішін көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар, басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және e-Otinish платформасы арқылы да жолдай алады.
"Алғашқы күндері кідіріс болуы мүмкін"
Мамандардың мәліметінше, жылыту маусымының алғашқы күндері жүйелерді іске қосу, баптау және реттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан осы кезеңде жылу беруде уақытша кідіріс болуы мүмкін.
Тұрғындарға құлаққағыс:
- радиаторлардың, вентильдердің жарамдылығын алдын ала тексеру қажет;
- жылу жүйесіне өз бетінше өзгеріс енгізбеу керек;
- тік құбырлар мен жылыту құрылғыларына еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Еске салайық, бұған дейін күн күрт суытуына байланысты Алматыда жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталатыны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова