Алматыда жыл соңына дейін “Қалқаман“ метро бекетін ашу жоспарланып отыр

Алматыда 2026 жылдың аяғына дейін "Қалқаман" метро бекетін пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мәслихат отырысында Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәлімдеді. Сондай-ақ, биыл "Қалқаман" бекетінен "Барлық" бекетіне дейінгі метро желісінің құрылысы басталған.

"Метро желісін одан әрі кеңейту үшін "Жібек жолы" бекетінен әуежайға дейінгі екінші желінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Жол инфрақұрылымы саласында Рысқұлов даңғылын қала шекарасына дейін, Мұқанов көшесін Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін және Райымбек даңғылын Шығыс айналма жолға дейін ұзарту жұмыстары жалғасады", - деді ол.

Жыл соңына дейін Ақжар және Теректі шағынаудандарындағы жол құрылысын аяқтау да жоспарланған.

Сондай-ақ, "Батыс қақпа" полиорталығында жолдар мен инженерлік коммуникациялар құрылысы жалғасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!