Алматыда полиция департаменті жыл басынан бері қаладағы қылмыс 10,2% төмендегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр қылмыс, зорлау, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау, көлік ұрлау және интернет-алаяқтық азайды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар мен бұрын сотты болғандар жасайтын қылмыс саны азайғаны байқалады.
Қалада қоғамдық орындарда жасалатын құқықбұзушылықтар да азайған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!