Алматы полициясы жолдардағы бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл басынан бері қалада жаяу жүргіншілерге қатысты 2 мыңға жуық жол апаты тіркелген. Салдарынан 24 адам қаза тауып, 2 мыңнан аса адам жарақат алған.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелері сақталуын бақылауды күшейтті.
Профилактикалық жұмыстар мектептерде де жүргізіліп жатыр. Оқушылармен жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіліп, балаларға жарық қайтарғыш элементтер таратылады.
"Жолдағы қауіпсіздік әрбір адамға байланысты. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда аса мұқият болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуге тиіс", - деді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова