Алматыда алаяқтық жасаған 24 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
24 жастағы ер адам жұртты алдап, ипотекаға үй алып беретінін айтып, алдын ала 400-500 мың теңге көлемінде ақша алып отырған. Артынша ақшамен бірге жоғалып кеткен.
Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің осындай он қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Ол Қарағандының тумасы болып шыққан. Қылмыстық іс бойынша өндірістік жұмыс жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!