- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жүргізушіні өлтірген...
Алматыда жүргізушіні өлтірген үш адам 8 жылдан кейін ұсталды
Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында кісі өлтіру дерегі тіркелген. Сол кезде жеке жүргізуші болып жұмыс жасаған 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті табылған. Сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығудан болғанын анықтады.
"Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Айтпақшы, үш еркекті қызықтырғаны сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшылық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіру әрекетін жасағанымен, көлікті ала алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды. Қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді азаматты, 26 жастағы С. есімді азаматты және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайлы жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан