Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты кеше Алмалы ауданында сағат 11:00 шамасында болған.

"Көлік жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Қазір оны әкімшілік полиция басқармасының іздеу бөлімінің қызметкерлері іздеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұл оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуге кіріскен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!