- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жұмысына салғырт...
Алматыда жұмысына салғырт қараған жеке сот орындаушылары анықталды
Алматы прокурорлары жеке сот орындаушыларын жазалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының прокуратурасы әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың заңдылығы тұрғысынан талдау жасады. Жеке сот орындаушыларының 1000-нан астам борышкерге қатысты олардың банктік шоттарына және мүлкіне тыйым салу жөнінде шаралар қабылдамаған фактілері анықталды, жалақыдан берешекті ұстап қалу жүргізілмеген, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылмаған.
Заң бұзушылықтар борышкерлердің сот актілерін орындаудан ұзақ уақыт жалтаруына және бюджетке қаражат түспеуіне әкеп соқтырды. Осылайша, жазаның бұлтартпастық қағидаты бұзылды.
Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 50 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауапқа тартылды, 1 жеке сот орындаушысына қатысты оны палатадан шығару рәсіміне бастама жасалды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 75 млн теңгеден астам қаржы өндірілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина