Алматыда жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Алматыда жүк көлігі пойызбен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Түрксіб ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетіп, тоғыз вагоннан тұратын пойызбен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан КАМАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жүк көлігіне айтарлықтай зақым келді", - деді полиция.

Түрксіб аудандық полиция басқармасы бұл істі тіркеген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, жол апатының сызбасы жасалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!