Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар
Фото: Видео кадры

Алматыда Hyundai Porter жүк көлігі жолаушылар автобусы мен жол талғамайтын көлікке соқтығысып, екі бірдей жол апатына себепкер болды. Оқиға Жароков пен Жандосов көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 қыркүйек күні сағат 14:40-да болған.

"Hyundai Porter көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігімен және жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті", - деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан тек жүк көлігінің жүргізушісі ғана зардап шеккен. Автобус пен жол талғамайтын көліктегі жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 2 қыркүйек күні Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болғанын, қала ортасында 6 көлік соқтығысқанын хабарлаған едік.

Оқиға күндіз сағат 14.15 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. 

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының бақылау камераларынан көліктердің соқтығысқан сәті түсірілген жазбалар алынды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан