Алматыда Шаңырақ-2 шағынауданында жүк көлігі жолаушылар автобусына соқтығысты. Оқиға 18 қарашада болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 17:00 шамасында Алатау ауданында болған.
"Жүк көлігінің жүргізушісі Үшқоңыр көшесінің бойымен батыс бағытта артқа қарай жүріп бара жатып, Жанқожа батыр көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан 45-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Бұл жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.
Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!