Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Фото: Көрнекі сурет

Алматыда Қалдаяқов көшесінің учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 тамыз 23:00-ден 31 тамыз 11:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектелді.

Ал бүгін, 30 тамыз сағат 23:00-ден 1 қыркүйек күні сағат 11:00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары кезінде Зенков, Ришат және Муслим Абдуллин көшелері бойымен айналма жол қарастырылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы