Алматыда жолды жауып намаз оқыған 30-дан астам адам жауапқа тартылды

Алматы полиция департаменті жолды жауып намаз оқыған 30-дан астам адам жауапқа тартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл дерек бойынша Алматы полициясы тексеру жүргізді. Құқықбұзушыларға шара қолданылды: ҚР ӘҚбК-нің 614-бабының (көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау) талаптарын бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Алматы қалалық полиция департаменті "Заң және тәртіп" қағидатын еске түсіріп, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырды. Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады және ҚР ӘҚбК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көшенің бойында намаз оқығандардың әрекеті қызу талқыға түсті. Оқиға Орталық мешіт маңында болған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!