Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінде екі "Гелендваген" жүргізушісінің жол қауіпсіздігін елемей, көліктерін қауіпті жүргізгені түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.police-ке сілтеме жасап.
Желіде жарияланған бейнежазбаға әкімшілік полицияның іздестіру бөлімінің қызметкерлері бірден назар аударды. Жүргізілген тексеру барысында екі жүргізушінің де кім екені анықталды. Олар Алматы қаласының 20 және 23 жастағы тұрғындары болып шықты.
Қауіпсіздік белдігін тақпағаны және көліктерін өзгелерге қауіп төндіретіндей етіп жүргізгені үшін екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желіде жарияланған мұндай бейнежазбалар назардан тыс қалмайтынын ескертті. Жолда өзгенің өміріне қатер төндірген жүргізушілердің әрекетіне заң аясында тиісті шара қолданылатынын атап өтті.
"Жолда ойсыз әрекеттің соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Жол ережесін сақтап, өзгенің өміріне қауіп төндірмеңіздер", – деп ескертті полиция өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!