Алматының Бостандық ауданында екі қыз Абай даңғылын жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерден кесіп өтпек болған. Салдарынан олардың бірін BYD автокөлігі қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы полициясына сілтеме жасап.
Жол апаты Абай даңғылының Өтеген батыр мен Тілендиев көшелерінің арасындағы бөлігінде болған. BYD көлігі шығыс бағытта келе жатқан.
Көлік қаққан қыз дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Оқиғадан кейін полиция тұрғындарға жолды тек жаяу жүргіншілерге арналған өткелден кесіп өту керегін ескертті.
"Жолды қысқартамын деп белгіленбеген жерден өту ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Өз өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер. Жолдағы бір сәттік абайсыздықтың салдары ауыр болуы мүмкін", – деді полиция өкілдері.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz