Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізушіге күш қолданған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізушілер арасында болған оқиға түсірілген бейнежазбаны анықтаған.
Жарияланған кадрда оқиғаға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.
"Бұл дерек бойынша дереу соталды тергеу басталды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова