Алматыда жолдағы дау төбелеске ұласқан: оқиғаның видеосы тарады

Алматыда жолдағы дау төбелеске ұласқан. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бостандық аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу бастаған.

"Соталды тергеу барысында Kia Rio және Mercedes көліктерінің жүргізушілері арасында келіспеушілік болғаны анықталды. Жанжал барысында Mercedes көлігінің 41 жастағы жүргізушісі 30 жастағы қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Ол тергеу нәтижесі бойынша Қазақстанның заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді ІІМ өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!