Алматыда жолда болған тосын жайт видеоға түсіп қалды

Алматыда жолда болған тосын жайт видеоға түсіп қалды
Фото: скрин

Алматыда Toyota Prado жүргізушісі Toyota Camry жүргізушісінің жолын кесіп, артынша оны соққыға жыққан. Оқиға 4 маусымда кешкі уақытта болып, бейнетіркегішке түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Дорожный патруль" мәліметіне сілтеме жасап.

"Toyota Camry жүргізушісі жолын кескен Toyota Prado жүргізушісіне сигнал берген, бұл оған ұнамаған болса керек. Prado жүргізушісі қайта-қайта төтенше жағдай жасап, Camry жүргізушісінің жолын жауып, кейін жолдың шетіне тоқтайды. Camry жүргізушісі көліктен түсіп, Prado жүргізушісіне қолын созғаны сол еді, ол бірнеше соққы жасап, оны жерге құлатады", - делінген видеоның сипаттамасында.

@dorpat.kz

В Алматы вечером 4 июня водитель Toyota Camry посигналил подрезавшему его водителю Toyota LC Prado, что последнему не понравилось. Водитель Prado видимо обиделся и создавая неоднократно аварийные ситуации преградил путь водителю Camry, который остановился и подошел к водителю Prado протянув руку поздороваться, но в ответ получил шквал ударов с оскорблениями. Водитель Camry ранее имел перелом шейного позвонка и после побоев чувствует себя не важно. За побои, водителя Prado могут привлечь к уголовной ответственности. За нарушение дважды статьи 606 КоАП РК водителю грозит лишение прав на пол года. Материал нами будет направлен в ДП Алматы, о результатах проверки и принятых мерах сообщим.

♬ оригинальный звук - Дорожный патруль - Dorpat.kz

Сондай-ақ, Camry жүргізушісінің бұған дейін мойын омыртқасы сынғаны және соққыдан кейін ауырсыну пайда болғаны айтылған.

"Prado жүргізушісі адамды ұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабын екі рет бұзғаны үшін жүргізушіге алты айға көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төнуі мүмкін, сондай-ақ ол басқа да заңбұзушылықтары үшін жауапқа тартылуы мүмкін", - делінген сипаттамада.

Жазба авторлары видеоны Алматы полиция департаментіне жіберуге уәде берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина