8 маусымда Алматы-2 станциясының құрамды рейске дайындайтын техникалық паркінде маневрлік жұмыстар кезінде пойыздың бір вагонының дөңгелек жұптары орнынан ығысып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ол кезде пойызда жолаушылар болмаған.
Басқа құрам жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді.
Болған істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!