Алматыда жолаушылар автобусы жылдамдықпен келе жатқан көлікке соқтығысты

Алматының Түрксіб ауданында жолаушылар автобусы бар жылдамдықпен жол талғамайтын көлікке соғылып, жеңіл көліктің жолаушысы зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның кеше таңертең болғанын хабарлады.

"Жұмабаев пен Кассин көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсінде қиылысқа шыққан автобус пен Mitsubishi көлігі соқтығысты", - делінген хабарламада.

Жол талғамайтын көліктегі жолаушы соқтығыс салдарынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

"Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!