- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- автобустағы қылмыс
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған
Фото:
Видео кадры
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған. Желіде оқиғаның видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда күдікті кабинадағы әйнекті сындырғаны байқалады. Оқиға №120А автобусында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілі бұл дерек бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Құқықбұзушы ұсталды. Қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді ПД өкілі.
Еске салайық, былтыр 22 желтоқсанда осыған ұқсас оқиға болды. Жолаушы жүргізушіні ұрып жіберген болатын. Салдарынан автобус апатынан 3 адам мерт болды. Кінәлі сотталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова