Алматыда тағы бір автобус жүргізушісі соққының астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы жанжал №98-ші бағыттағы қоғамдық көлікте болған. 38 жастағы жолаушы әуелі жүргізушімен сөзге келеді. Кейін автобусты тоқтатып қойып, екеуі төбелесе кеткен. Бұзақы бірден ұсталды. Қазір қамауда отыр. Оның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Сөзге келіспей қалдық. Сол жерде боқтасып, қол жұмсадым. Ол кісі де менің жағамнан алып, сол жерде қырылып кеттік. Кешірім сұраым. Ол кісі кешірім берген. "Сәл тез жүресіз ба" деп жай сұрағанмын. Ондай болатынын білген жоқпын", - деді жолаушы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!