Алматыда жолақы қымбаттамайды

Алматыда жолақы қымбаттамайды
Фото: www.transport-almaty.kz

Биылғы жылдың соңына дейін қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттамайды. Бұл туралы Алматы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ерлан Әділов мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда бізге тасымалдаушылар тарапынан тарифті өсіру туралы өтініштер келіп түскен жоқ, осыған байланысты жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көлікте жол жүру ақысын көтеру туралы мәселені қарастырмайды. Заңнамаға сәйкес тариф үш жылда бір рет қаралады. Соңғы рет баға 2012 жылы көтерілген болатын, ал әзірге ешкім бұл туралы айтып жатқан жоқ. Біз жыл соңына дейін бұл мәселені көтермеуді көздеп отырмыз", - деп атап өтті ол.

Қалада жоспар бойынша күн сайын 1600-ден астам көлік жұмыс істейді, соның ішінде автобустар, троллейбустар мен трамвайлар бар.

Дереккөз:bnews

Н. Нұрмаханұлы