Алматыда жол сапасы үшін шенділер жауапқа тартылып жатыр

Алматыда жол сапасы үшін шенділер жауапқа тартылып жатыр
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматыда полиция жол жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзіміне бақылауды күшейтіп, заңбұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, жыл аяғына дейін қалада 120 шақырымнан аса жол, тротуар, веложолдар салынып, жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, аялдама кешендері мен жерүсті өткелдері орнатылады.

Биыл сегіз айда жолдарға 2 мыңнан аса тексеріс жүргізіліп, лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеге 140 әкімшілік хаттама толтырылған. 2 мыңнан аса құқықбұзушылықты жою туралы нұсқау беріліп, жол жамылғысы мен инфрақұрылымда 4 мыңға жуық ақау анықталған.

"Жолдарды салу мен күтіп ұстау кезінде заңбұзушылықтарға жол берген мердігер ұйымдар мен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр", - деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Қылышбаев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget