Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кеткен

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кеткен
Фото: Видео кадры

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кетті. Көп жарақат алған тәртіп сақшысы қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға күндіз сағат үш шамасында Желтоқсан мен Сәтпаев көшесінің қиылысында болды. "Тойота" маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам кенеттен ортада жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін соғып өткен.

Белгіні де пысқырмай, көшені қақ жарып өтпек болған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған. Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget