Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көліктерде, яғни автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соған орай картамен немесе SMS код арқылы төлегенде, 100 теңге болса, ал қолма-қол төлеу кезінде жолақысы 200 теңгеге жетті. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді.
Тегін жүруге кімдер құқылы?
- ҰОС қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі жандар,
- 75 жастан асқан зейнеткерлер,
- Бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар,
- 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар,
- Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері,
- "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.
Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?
50 пайыз жеңілдікпен жол жүру құны 50 теңге болады. Оған мына адамдар құқылы:
- Жалпы білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушылары,
- Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары,
- Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері,
- Зейнеткерлер,
- Көпбалалы аналар,
- Он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге жүретін адамдар.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тарифтер бекітілгені хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!