• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда жол жөндеу мерзімінен бұрын басталады

Алматыда жол жөндеу мерзімінен бұрын басталады
Фото: depositphotos.com

Алматыда жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын басталды. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында магистральді көшелердегі шұңқырларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу кезінде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды.

"Негізгі жол жөндеу жұмыстары көктем және жаз мезгілдерінде жүргізіледі. Биыл ҚМБ желісі бойынша 300 шақырым жолға орташа жөндеу және 35 шақырым жаңа магистраль салу жоспарланған. 2024 жылы жол сапасы 92 пайызға дейін жеткізілсе, 2025 жылы бұл көрсеткішті 95 пайызға арттыру - мақсатымыз", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget