Алматыда түнде бір топ жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қауіпті маневрлер мен жолдағы тәртіпті әдейі елемеу сәттері түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды.
Тексеру нәтижесінде, жүргізушілердің әрекеттері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіргені белгілі болды. Анықталған құқықбұзушылықтар қатарында бұрылыс белгісін жақпай жолақ ауыстыру, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, өзге жүргізушілерге құрметсіздік танытып, қарапайым әдеп нормаларын елемеу және қауіпсіздік шараларын қасақана бұзу бар.
"Қатысы бар жүргізушілер мен жолаушылар анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Бұзушыларға қатысты құқықтық іс-шаралар жүргізіліп, әрқайсысына іс жағдайына сәйкес нақты әкімшілік құқықбұзушылықтар тағылды", – делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек