Алматыда жол апатынан 5 адам зардап шекті

Алматыда жол апатынан 5 адам зардап шекті
Фото: instagram/kris_p_almata

Алматыда жол апатынан 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты шамамен 4:20-де Әуезов ауданында болған.

"Оңтүстік бағытта Сайын көшесімен келе жатқан BMW жүргізушісі қатар ауыстыру кезінде сол бағытта қозғалып келе жатқан Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Кейін соқтығысудың инерциясымен BMW Сайын көшесінің батыс жиегіндегі ағашқа соғылған", - делінген хабарламада.

Салдарынан екі жүргізуші және BMW көлігінің үш жолаушысы жарақат алды. Бес адам медициналық көмекке жүгінген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget