- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жол апатынан...
Алматыда жол апатынан 20 жастағы мопед жүргізушісі қаза тапты
Фото:
Видеодан алынған кадр
Алматыда екі мопед пен "Lexus" маркалы автокөлігінің жол көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Голос народаға" сілтеме жасап.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, екі мопед пен жол талғамайтын көліктің қатысуымен апат 13 сәуірде сағат 19.20-да Алмалы ауданында Төле би даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған.
"Соқтығысу салдарынан мопедтің бірінің жүргізушісі - 2003 жылы туған азамат З., алдын ала мәліметтер бойынша жол қиылысына бағдаршамның тыйым салу сигналына шығып, оқиға орнында қайтыс болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә