Алматыда жол апатына түскен автобус жүргізушісі оқиға қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізушінің сөзінше, оның жолын KIA кроссовері кесіп өткен. Салдарынан автобус жүргізушісі кенет тежегішті басып, рөлді басқара алмай, жолдың жиегіндегі дүңгіршекке соқтығысқан. Жол апатына қатысы бар көлік эвакуацияланды.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды.
Полиция мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.
"Жол апаты Алматыдағы Алмалы ауданында сағат 14.20-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "Сity-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушы медициналық көмекке жүгінді, бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!