Алматыда жол апатына себеп болған жүргізуші ізделіп жатыр

Алматыда жол апатына себеп болған жүргізуші ізделіп жатыр
Фото: facebook.com

Алматыдағы Рысқұлов көшесінің бойында жол апаты болды. Mazda 323 және Mercedes-Benz W210 көліктері соқтығысқан.

Мазда көлігінде жүргізушімен бірге 2 жас бала болған. Жол апатының куәгері Әрсен Шакуов Фэйсбуктегі парақшасында былай дейді: "Рысқұлов көшесінің бойында, "Қайрат" шағын ауданына қарай бұрылатын жерде жол апаты болды. Mercedes-Benz W210 көлігі Mazda 323-тің артынан соқты. Мазданың ішінде екі бала болды. 15 жастағы бір баланың жамбасы сынды, оның қасында отырған 4-5 жасар бала жарақат алған жоқ. Жүгіріп барып, оларды көліктен шығарып алдым. Олар ыңырсып жатты. Содан соң Мерседеске қарай беттедім. Оның жүргізушісінің үстінен алкогольдің иісі шығып тұрды. Сәлден соң оянып өмір сүргісі келмейтінін айтты".

а

Әрсен Мерседестің жүргізушісінің ауруханаға жеткізілгеннен кейін қашып кеткенін айтты. Оның айтуынша, көлік иесінің есімі Түсіпов Меңдеш Айтмұханұлы. Қазір автомобиль жүргізушісі іздестіріліп жатыр.

М. Бисембаева