Алматыда "жоқ" пәтерлерді жалға берген жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті небәрі 18 жаста. Ол - Ақтөбенің тұрғыны.
"Жасына қарамастан Х. есімді азамат - "кәсіпкер". Ол интернет арқылы адамдарды алдаған. Жөндеуі жақсы, бағасы арзан пәтерді жалға беру туралы сайтқа хабарландырулар орналастырды. Қызығушылық танытқандарға жігіт банк картасының деректемелерін жіберіп, алдын ала төлем жіберуді сұрады. Біздің мәлімет бойынша, күдіктінің қылмыстық қулығына кем дегенде 5 адам түскен, олар алаяқтық туралы полицияға ресми түрде арызданған. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде оның қылмыс жасауға пайдаланған байланыс операторларының 45 SIM-картасы тәркіленді1, - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.
Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оның жеке басын басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.
Тәртіп сақшылары күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 8-705-555-77-69; 8-775-747-77-78; 8-778-481-19-00; 8-708-707-92-02.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!