Шымкентте екі апта бұрын жоғалып кеткен 26 жастағы қыз өлі табылды. Қаралы хабарды LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еріктілер мәліметінше, 1999 жылы туған Оңғарбаева Дияна Тастанбекқызы 21 шілдеде Нұрсат шағынауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткеннен кейін жоғалып кеткен.
Оның бойы 155-160 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қоңыр әрі ұзын.
Үстінде ақ футболка мен ақ шалбар болған.
Полицияның мәліметінше, қыздың денесі қоқыс контейнерінен табылған. Қалған ақпараттар әзірге жарияланған жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек