- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жоғалып кеткен...
Алматыда жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды
Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім бау-бақша шаруашылығы аумағынан өлі табылды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Алматыда 23 маусымда жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылған, оның денесінен зорлық белгілері байқалған. Кісі өлтірді деген күдікпен оның құрдасы ұсталған.
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, 15 жастағы жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы арыз 23 маусымда Медеу аудандық ПБ жанындағы Полиция бөліміне түскен. Дереу жедел-тергеу тобы құрылып, олар іздеуге кіріскен.
"Күндіз бау-бақша шаруашылығының бірінің аумағында денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар адам өлі табылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2006 жылы туған Р. есімді адам ұсталды", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Телеарна мәліметінше, алғашқы жауап алу кезінде күдікті жанжалдан кейін танысын өлтіргенін айтқан.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеуді бастаған.
Ж. Қадыржанова