- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жоғалып кеткен...
Алматыда жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды
Алматыда жоғалып кеткен 1990 және 1980 жылғы екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1990 жылы туған Андрейчук Никита Максимович 15 сәуірде жоғалып кеткен. Ер адам Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 536 үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.
Ерекшеліктері: орта денелі, қысқа қара-қоңыр шашты, қоңыр көзді.
Үстінде сұр джемпер, көк джинсы шалбар және ақ кроссовка киген.
1980 жылы туған Қасымхан Тұрды 9 наурызда жоғалып кеткен. Таңертең сағат 7-де Іле ауданы, Жайнақ ықшамауданы, Жерұйық көшесі, 22-үй мекенжайы бойынша үйден шығып кеткен.
Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қысқа қара, көзі қоңыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан