Алматыда жоғалып кеткен 8 және 5 жасар балалар табылды

Алматыда жоғалып кеткен 8 және 5 жасар балалар табылды

Алматыда жоғалып кеткен 8 және 5 жасар балалар табылды. Бүлдіршіндер Талғардағы нəрестелер үйінде екен, - деп жазады inform.kz порталы.

Адасып жүрген Нахаева Полина мен Александрды белгісіз азаматтар нəрестелер үйіне апарып тастаған. "Бүлдіршіндер үлкен тас жолға шығып кеткен. Сол жерде оларды көрген адамдар Талғарға жеткізген. Қазір балалардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Олар жақын арада кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына ауыстырылады. Ішкілікке салынған анасын ата-ана құқығынан айыру мəселесі қаралады", - деді қалалық ІІД əкімшілік полициясының бөлім басшысы Лейла Əліпбаева.

Айта кетейік, 2008 жылы туған Александр Нахаев пен 2010 жылы туған Полина Нахаева 28 шілдеде Медеу ауданындағы саяжайлардың бірінде орналасқан үйінен шығып кеткен.

Бүлдіршіндер үйде ата-анасының қарауынсыз отырған. Медеу аудандық ІІБ хабарлауынша, анасы балалардың жоғалғаны туралы полицияға 2 тәуліктен соң хабарлады. Осыған дейін ол бүлдіршіндерді туысқандары алып кетті деген сенімде болған.