Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы қытайлық қыз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әуежайының желілік полиция қызметкерлері қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны ала салысымен дереу шаралар қабылдап, жасөспірімді іздеуге кіріскен.
Айта кетейік, шетелдік жасөспірім Қазақстанға анасымен бірге келген. Алайда ол жанжал салдарынан құжаттарын алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Көлік полицейлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдік бақылау кезінде 13 жастағы ҚХР азаматы Мия Ю Тинь аман-есен табылып, анасына тапсырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!