Алматыда жиһаз цехында өрт шықты
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматының Жетісу ауданы Айнабұлақ-1 ықшам ауданындағы жиһаз цехында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары жеткеннен кейін жиһаз цехының жанып жатқанын анықтады. Жақын орналасқан ТҚКС, АЖЖС және бизнес-орталықтың ғимараттарына өрт тарай жаздаған.
Алайда ТЖД қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді.
ТҚКС бокстарынан батыл өрт сөндірушілер жеті автокөлікті эвакуациялап, бес оттегі баллоны мен екі газ баллонын шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан