- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жігіт танысқысы...
Алматыда жігіт танысқысы келмеген қызды ұрған, ал полиция жәбірленушінің өзін кінәлап отыр
Алматының орталығында бейтаныс жігіт танысудан бас тартқан қызды соққыға жыққан. Бұл туралы жәбірленуші әлеуметтік желіде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty_kris_p-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқиға осыдан 17 күн бұрын Сәтбаев көшесінде болған.
"Құрбыммен өзен жағасында отырдық. Қолында сыра ұстап алған екі жігіт жақындап, бізбен танысқысы келді. Біз екі рет сыпайы түрде бас тарттық, кейін олардың бірі "Неге танысқыларың келмей тұр?" деп, боқтап, тіл тигізе бастады. Ол байқатпастан жақтан ұрып жіберді. Есімнен танып қалдым, кейін 102, 103-ке хабарластық", - деді қыз.
Жәбірленушінің айтуынша, полиция қызметкерлері қыздардың өзін түнде қыдырғаны үшін кінәлаған.
"Прокуратураға "істі тергеушіге беріңдер, олар әкімшілік емес, қылмыстық іс қозғасын" деп екі рет хат жазды. Заңымыздың сиқы осы. 17 күн өтті, оны әлі таппады... Ол менің жағымды сындырмаса да, менің психикамды бұзды. Олар істі оперға да, тергеушіге де бере алмайды. Онда камера жоқ, сондықтан оны таба алмай жатыр", - деді зардап шеккен қыз.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Бұл дерек Бостандық ауданы полиция басқармасында тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқан көрінеді.
"Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жәбірленушінің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан