Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетелдіктер ұсталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері оларды "Заңсыз келуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтаған. Олар Өзбекстан азаматтары болып шықты.
"Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді. Осылайша, қонақ үй кешендерінің бірінде интим қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында 7 өзбекстандық бар. Алдағы уақытта көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін жауапкершілікке тартау, соттау және Қазақстаннан шығару қарастырылады", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұрғын үйлердің бірінде жезөкшелердің өрескел әрекеті видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ауыздан неге жағымсыз иіс шығады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз