- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жезөкшелер үйі...
Алматыда жезөкшелер үйі әшкере болды
Фото:
polisia.kz
Алматыда жезөкшелер үйі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсіпкер әйел - 34 жаста. Ол - Шығыс Қазақстан облысынан келген.
"Сауықтыру массажы мекемесі ретінде танылған оның салонында 7 массажист-әйел жұмыс істейді, жедел деректерге сәйкес, олардың қызметіне жыныстық қатынас та кіреді. Әйелдер ПД-ға жеткізіліп, олардың жеке басы қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілді. Үй иесі де анықталды. Ол жезөкшелікпен айналысуға саналы түрде үй-жай бергені үшін жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина