- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жезөкшелер қызмет...
Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен притон әшкереленді
Алматыда көпқабатты үйде жезөкшелер қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
5 жезөкшенің "жұмыс" орны Самал шағынауданындағы үйлердің біріндегі төрт бөлмелі пәтер болды.
"Еңбек тәртібін" әкімші бақылап отырды.
"Тексеру кезінде салонның барлық қызметкері жұмыс орындарында болды. Олар басқа жақтан келгендер, Алматыда тіркеулері болмаған. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтың 492-бабына сәйкес шара қолданылды. Сонымен қатар, онда сексуал притон жұмыс істейтінін анық біле тұра, пәтерді жалға берген үй иесі жауапқа тартылды. Үй иесінің әрекеті жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру болып есептеледі", - деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек