Алматыда 1,5 жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының криминал полициясының мәліметінше, қылмыс 2021 жылғы желтоқсанда болған. Қылмыстық жолмен баю мақсатында екі ер адам әлеуетті клиенттердің атын жамылып, жеңіл жүрісті қыздан "қызмет көрсетуін" сұрап, оны тонап кеткен. Әйелдің телефоны мен жинаған ақшасын тартып алу үшін қаскөйлер оны байлап тастаған.
"Осы қылмысқа қатысушылардың бірі ұсталды. Ол сотталды, жазасын өтеп жатыр. Тағы бір сыбайласы тергеуден қашып кеткен. Оған мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған. Күні кеше күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бостандық аудандық ПБ-мен қарақшылық шабуыл дерегіне сәйкес Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
ҚР Қылмыстық-процестік кодестің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!