Алматыда жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Жерасты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл болып сезілген.
"Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да жер сілкінісі тіркелген еді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова