Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Алматыда жер сілкінісі тіркелді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 07 маусымда Астана уақытымен 08 сағат 33 мин жер сілкінісі тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматыда - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

"ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget