Алматыда жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
"Жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ", - деді ТЖД өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі мен мессенджерлерде "Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болады" деген ақпарат тарады, алайда мамандар мұндай болжамға ешқандай негіз жоқ екенін айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!