- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жер сілкінісі...
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото:
Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев
Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болып, жерасты дүмпулері Алматыда да сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректеріне сілтеме жасап.
27 қаңтарда сағат 06:10-да ТЖМ СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісінде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. MPV магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 10 шақырым.
МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек